Василий Васильевич Великанов (25.04.1899, Ресей, Санкт-Петербург қ. – 29.01.1969, Алматы) – сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958).
Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) консерваториясының композиция класын (1930), фортепьяно класын бітірген (1931). Алғашқы шығармалары Ленинград театрларында жұмыс істеген кездерінде жазылды. Онда, негізінен, камералық-аспаптық музыка (фортепьяно мен скрипкаға арналған сонатталар, трио, симфонетта), сонымен қатар, әндер мен романстар (Г. Гейне өлеңдеріне цикл) жазды. 1935 – 36 жылдары Ресейдің солтүстік облыстары бойынша Этнография институты мен Композиторлар одағы ұйымдастырған музыкалық-этнографиялық экспедицияға қатысып, халық шығармшылығын зерттеумен айналысты.
1937 жылы арнайы шақыртумен Алматыға келіп алғашқы қазақ ұлттық балеті "Қалқаман – Мамырды" (либреттосын жазған М. Әуезов) жазды (балет 1938 жылы қойылды). Бұдан кейін "Тұтқын қыз" операсын (либреттосын жазған Ғ. Мүсірепов) және "Райхан" кинофильміне музыка жазды. В. Великанов Қазақ академиялық опера және балет театрында ұзақ жылдар еңбек ете жүріп, кәсіби қазақ музыкасының дамуына үлес қосты. "Ленинградтық өрендерім" вокалдық-симфониялық шығармасын (1942), "Амангелді" симфониялық поэмасын (1944), "Көктем әні" атты хор және симфониялық оркестрге арналған поэма (1946), "Қазақ симфониясын" (1947), сонымен қатар, оркестрлік пьесалар, фантазия, камералық-аспаптық шығармалар, ән-романстар, спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазды. 1951 жылы "Қамбар – Назым" балеті (либреттосын жазған Н. Баймұхамбетов) қойылды. 1951 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) оқытушы болды.[1]
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.